«Эпидемиолог мамандар тарапынан бүгін тіркелген ауру ошақтарында залалсыздандыру, байланыста болғандарды табу және оқшаулау бойынша эпидемияға қарсы іс-шаралар ұйымдастырылды. Инфекция табылған Әбдіхалық ауылы мен Жетісай қаласындағы мөлтекауданда карантин жарияланды. Жетісай ауданына дезинфекция, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау саласынан арнайы мамандардан құрылған мобильді топ жасақтап, жіберілді», — деді Өмірзақ Естайұлы.
Қосымша көмек ретінде медициналық жабдықтар менкөліктер дайын. Өзге аудандардан инфекционист және реанимотологтардан құралған 6 бригада Жетісайға жолданды. Облыстың Бас инфекционист дәрігері ауданда осы шараларға басшылық етеді. Керекті төсек-орындар, госпитальдар толық дайын. Облыс әкімінің тапсырмасымен, Полиция, Төтенше жағдай департаментімен, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, прокуратура, денсаулық сақтау саласымен бірлесе отырып, шұғыл түрде карантин жарияланған елдімекендер шекарасына блок-бекеттер қойылуда. Төтенше жағдай режимін бұзған азаматтар заң аясында жауапқа тартылады.
Ауданда инфекция ошағы мен қоғамдық орындардаауқымды дезинфекция жұмыстары жүргізіледі. Індеттің таралу қаупі жоғары болғандықтан, облыс әкімі тұрғындарды төтенше жағдайға байланысты қабылданған шараларға түсіністікпен қарап, тиісті тәртіптік шараларды сақтауға, дәрігерлердің нұсқаулықтарын бұлжытпай орындауға шақырды.
Вирустың таралуын болдырмау мақсатында облыс аумағында барлық азаматтар медициналық бетперде киіп жүруі керек. Дүкендер мен қоғамдық орындарда бетпердесіз жүруге тыйым салынады. Онда арнайы залалсыздандыру құралдары орнатылуы тиіс. Тұрғындар үйден тек қана азық-түлік, дәрі-дәрмек алуға немесе жұмысқа бару үшін шығуы керек.Отбасылық мерекелер мен той-жиындарды өткізуге қатаң тыйым салынады.
Өмірзақ Шөкеев әлеуметтік желілерді шарлаған әртүрлі ақпараттарға сенбей, мемлекеттік органдар таратқан ресми мәліметтермен ғана танысуға шақырды.
«Құрметті жерлестер! Дәл қазір бүкіл әлем қиын кезеңде тұр. Алайда, біз бұл қиын-қыстау уақыттан да бірлік пен ынтымақтың арқасында аман-есен өтеміз деп сенемін! Қазіргі таңда бізге тыныштық керек, жалған ақпараттарға сенбеңіздер. Ресми ақпаратқа ғана сеніңіздер. Біз күнделікті жағдайды қатаң бақылауда ұстап отырмыз»,-деді Өмірзақ Естайұлы өз үндеуінде.