#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қоғам белсенділері «Nur Otan» партиясын қолдаушылар лигасын құру туралы мәлімдеді

Қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар және елдің азаматтық белсенділері «Nur Otan» партиясын қолдаушылар лигасы қозғалысын құрды.

Қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар және елдің азаматтық белсенділері «Nur Otan» партиясын қолдаушылар лигасы қозғалысын құрды. Олардың қатарында Ерлан Саиров, Эдуард Полетаев, Марат Шибутов, Жанарбек Әшімжан, Мұрат Әбенов, Бибигүл Даулетқызы, Яков Федоров және басқалары бар. Бұл жайында елордада Еуразиялық интеграция институты ұйымдастырған кездесу барысында белгілі болды.

Институт директоры, саясаттану ғылымдарының кандидаты Ерлан Саиров атап көрсеткендей, Лига – заңды тұлға құрмастан қызмет ететін бейресми қоғамдық қозғалыс.

«Лига күрделі әлеуметтік мәселелердің шешімін тұжырымдау елдің нақты саяси күшінің маңына, яғни «Nur Otan» партиясының жанына шоғырлана отырып, диалог пен консенсусқа негізделуі тиіс деген қағиданы ұстанады. Қозғалысқа қатысушылар өңірлерге шығып, жұрттың әлеуметтік желілердегі ұсыныстары мен тілектерін жинақтайды, осының негізінде партияға конструктивті ұсыныстар тұжырымдайды», — деді Ерлан Саиров.

Қозғалыстың тағы бір мүшесі — саясаттанушы Эдуард Полетаев. Оның пікірінше, партия жариялаған праймериз елдің саяси жүйесінің болашақ бағдарын айқындайды.

«Праймериз саясаттың тек ерекше таңдаулы адамдардың ғана еншісі емес екендігін көрсетуі тиіс. Қазіргі кезде бізге жаңа идеялары бар, әрі қарай дамуға көмек беретін креативті адамдар қажет. Праймериз тың тұлғалардың, әсіресе әйелдер мен жастардың саяси мінберге шығуына жол ашпақ», — деп атап өтті Эдуард Полетаев.

Саясаттанушы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Марат Шибутов Қолдаушылар лигасы бүкіл қоғамды заң жобаларын талқылауға қатыстыруға ынталы екендігін атап көрсетті.

«Шын мәнінде праймериз – саяси процеске демкоратиялық нормаларды ендіру. Біз белсенділерді жинап, олардың өту барысын бақылайтын боламыз. Жалпы Лига адамдардың әртүрлі тобының ұсыныстарын талдау негізінде партия басшылығымен республикалық деңгейде диалог жүргізеді», — деп санайды Марат Шибутов.

«Серпін» Ұлттық білім және инновациялар палатасының президенті, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі М. Әбенов өз сөзінде Лига партиямен бірлесіп балама пікірлер қағидаты негізінде әлеуметтік мәселелерді оңтайлы шешуге жол ашады деп атап өтті.

«Егер партия өзгеруге дайын болса, мен көмек беруге дайынмын. Біз өңірлерге шығып, праймериздің ашық өтуін бақылайтын боламыз. Жергілікті жерлерде әкімдер праймеризге тосқауылдар жасауы мүмкін. Мысалы, егер әлдекім праймеризге қатысқысы келіп, оған кедергі келтірсе, ол бізге жүгіне алады. Мен өзекті мәселелерді талқылау үшін әлеуметтік желілер арқылы ауық-ауық тікелей эфирге шығып отырамын. Жалпы біз алдағы партияішілік іріктеуде жастарға қолдау көрсетуге тиіспіз. Лиганың барлық күштермен өзара ынтымақтаса әрекет етуге дайын екенін атап өткім келеді», — деді Мұрат Әбенов.

Белгілі блогер Яков Федоровтың айтуынша, праймериз – өңірлердегі келешегі бар жастардың елдің саяси сахнасына шығуына мүмкіндік беретін маңызды әлеуметтік лифт.

«Біз әлеуметтік желілерден, ас үйлердегі әңгімелерден торыққан көңіл-күйді көріп отырмыз, яғни адамдар өз туған ауылында, туған қаласында, туған елінде өз қабілеттерін аша алмайды. Мен бұл ретте бұдан гөрі жақсырақ өмір сүрсем деген қарапайым қалауы бар адамдар туралы айтып отырмын. Мен өңірлерді көп аралаймын, жасы отыздан асса да, әлі күнге оларға жас маман деп қарайтын өз ісінің нағыз шебері болған адамдарды білемін. Біздің міндетіміз – өңірлердегі осындай адамдарды тарту, олардың өз облысын нақты қалай дамыту қажеттігі туралы ойларын айтқызу. «Nur Otan» партиясының праймеризі – өз ойларың мен бастамаларыңды іске асыруға, кәсіпқойлығыңды көрсетуге, елді дамыту туралы идеяларыңды ортаға салуға жақсы мүмкіндік. Бізге заң шығарушы органға баруға дайын кәсіпқой мамандарды табу ғана емес, сарапшылар ұсынатын саяси күн тәртібін қалыптастыруға қажетті идеяларды жинақтау да маңызды. Адам депутат болып тумайды, бұған мектепте үйретпейді. Адам бұған талпыну арқылы жетеді», — деп түйіндеді Яков Федоров.

Кездесу барысында спикерлер «Nur Otan» партиясын қолдаушылар лигасын құру партияішілік іріктеудің айқындығын қамтамасыз етіп, қоғамның қазіргі сұранысына жауап беретін идеялардың топтастырылуына жол ашады деген ортақ пікірге келді.

Соңғы жаңалықтар

«Ауыл аманатының» өнімдеріне сұраныс көп

Сенбі күні Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Бұл жолғы жәрмеңкені Қобда ауданы бастап отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әр сенбі сайын өткізілетін...

«Ауыл аманаты» — ауылдықтар үшін пайдалы жобаға айналды

Мысалы, Қаратал ауданының Жасталап ауылының тұрғыны Ерғазы Болат «Ауыл аманаты» шеңберінде жылдық 2,5% мөлшерлемемен 3 млн. 420 мың теңге алды. Бұл соманың 3 млн....

«Ауыл аманатының» игілігін көріп, табысын арттыруда

  Ел ішінде қолтығымыздан деме­се, дем беріп жебесе, нарық айдынын­да судағы балықтай еркін жүзіп кетер едік деген сөз жиі айтылады. Әрине, дү­ние құралу үшін оң...

«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫНЫҢ» БЕРЕРІ МОЛ

Қасиетті мекен тұрғындары 128 мың болса, соның 36 мыңы жастар. Яғни жалпы  халықтың 27,1 пайызы белсенді топ. Аудан жастиарын тұрақты жұмыспен қамту, бизнеске тарту...

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 376,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына...

2023 жылғы 1 желтоқсанға 595 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы...

Сенат арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізу бойынша заңнамаға түзетулерді мақұлдады

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмасын орындау үшін, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру мақсатында...

Елордада «Joltap» әлеуметтік жобасы аясында «Баршаға мүмкіндік» модульдік бекеттері ашылды

Енді астаналық өтініш біл­ді­ру­шілер мемлекеттік қолдау шара­лары жөнінде кеңес ала алады, сондай-ақ жекелеген ма­мандықтар, әсіресе фрилансерлерге арналған мамандықтар бо­йынша курстан өтіп, жұмыс табуға мүмкіндік...

Жоғары оқу орнын жаңа бітірген түлектерді жұмыспен қамтуға басымдық беріледі

Сонда кім кінәлі? Жалақысы төмен жұмысқа барғысы келмейтін дипломды маман ба, әлде қолайлы жағдай жасай алмай отырған Үкімет пе? Ұлттық статистика бюросының де­ре­гін бағдарласақ, қазір...