Енді астаналық өтініш білдірушілер мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде кеңес ала алады, сондай-ақ жекелеген мамандықтар, әсіресе фрилансерлерге арналған мамандықтар бойынша курстан өтіп, жұмыс табуға мүмкіндік ашылып отыр.
Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің мәліметінше, «Joltap» жобасы аясында елордада барлығы 10 «Баршаға мүмкіндік» модульдік пункті жұмыс істейді. Айталық, Жастар сарайы, «Ailand» СОО, «Встреча» СҮ, «Азия Парк» СОО, «Тұлпар» СО сияқты мекенжайларда алғашқы бес модульдік бекеттер жұмысын бастаған. Модульдік бекеттер күн сайын сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
Сондай-ақ қала басшысы «Joltap» жобасы Мемлекет басшысының өнімді жұмыс орындарын құруға әлеуметтік саясаттың қажеттілігі туралы тапсырмаларын орындау мақсатында жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, жоба тұтастай алғанда қазіргі әлеуметтік реформаларға тиімді қосымша болып отыр.
«Жобаға қоғамдық тамақтану, сауда, құрылыс, көлік және қызмет көрсету салаларындағы ірі бизнес өкілдері мен сала көшбасшылары жұмылдырылды. Олардың ішінде «BI Group», «Magnum», «Marwin», «Shaurma Food» және т.б. бар. Жобаның бірлескен операторы – «Жаңа мүмкіндік» қоғамдық қоры. Барлық модульдік бекетті «Халық» қоры ұсынды», дейді қала әкімі.
«Joltap» аясында тұрғындар қаланың бос жұмыс орындары бар «Jumys Tap» Telegram-бот секілді құралдарын пайдалана алады. Сонымен қатар шағын бизнес ашуға арналған несие беру бағдарламалары жөнінде мамандықтары бойынша қысқа-мерзімді оқытудан өтуге мүмкіндік бар.
«Жобаның мақсаты – халықтың табысының өсуі үшін мүмкіндіктерді таңдауға көмек көрсету. Оған өз мансабы мен өзін-өзі тәрбиелеу үшін жауапкершілікті алуға дайын кез келген адам қатыса алады», дейді ұйымдастырушылар.