#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

«Ауыл аманаты» — ауылдықтар үшін пайдалы жобаға айналды

Жетісу облысының тұрғындары «Ауыл аманаты» бағдарламасының ауылдағы бизнесті дамытуға қолайлы жоба екенін айтады. Халықтың табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруға республикалық бюджеттен биыл өңірге 3,2 млрд.теңге бөлінді, - деп хабарлайды Адым кз ақпараттық сайты Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Мысалы, Қаратал ауданының Жасталап ауылының тұрғыны Ерғазы Болат «Ауыл аманаты» шеңберінде жылдық 2,5% мөлшерлемемен 3 млн. 420 мың теңге алды. Бұл соманың 3 млн. теңгесін 6 сиыр сатып алуға жұмсаса, қалған 420 мың теңгеге шөп сатып алды.

— Аспандияр ағаммен бірге мал өсіріп отырмыз. Менің алты балам бар. Қарызды 7 жылға алдық, бір жыл демалыс беріледі де 2025 жылдан бастап төлем жасай бастаймыз. Бұл қаражатымызды жинақтап, содан кейін барып оны дұрыс ұқсата білуге берілген жақсы мүмкіндік деп есептеймін. Оған қоса жылдық үстемесі небәрі 2,5%. Бұл ретте «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындары үшін тиімді болып отыр, — дейді Ерғазы Болат. Бүгінде ағайындылардың қолында 20 бас ірі қарасы бар. Бұл — олардың басты табыс көзі.

«Ауыл аманатының» игілігін көріп отырған тағы бір тұрғын Көксу ауданы Мұсабек ауылында тұрады. Әнуар Мұсабек «Ауыл аманатының» мүмкіндігін пайдаланып, өзі 10 жылдан бері айналысып келе жатқан мал шаруашылығы саласын одан әрі дамытсам дейді.

— Жобаға қатысу арқылы алған 8 млн. 400 мың теңгеге қаражатқа 200 бас ұсақ мал сатып алдық. Қойдан басқа менде сиыр мен жылқы да бар. Жоба біз үшін өте қолайлы. Оған ауылдастарымның да қатысуға ниеті зор, — дейді фермер.

Атап өтсек, «Ауыл аманаты» несиесінің негізгі шарттары — шағын несие мерзімі 5 жылға дейін, мал ша­руашылығындағы жобалар үшін 7 жылға дейін беріледі. Шағын несиенің ең жоғарғы сомасы – ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда 2,5 АЕК, яғни (8.6 млн теңге), зәкірлік кооперация – шағын және орта шаруа (фермерлік) қожалықтары және/немесе ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін 8 мың АЕК (27.6 млн теңге) дейін. Сыйақы мөлшері жылына 2,5 пайыздан аспайды. Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі кредит мерзімі ұзақтығының 1/3-нен аспайды. Бұл ретте қарыз алудың да өз шарттары бар. 21 жастан бастап зейнеткерлік жасқа дейін кредитті өтеп үлгеретіндей болу керек. Ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда бизнесті іске асыруға кемінде 6 ай уақыт беріледі. Қарыз алушы бизнесін салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркелген елді мекенінде жүзеге асыруы тиіс. Қарыз алушының несие тарихы жағымды, бюджет пен екінші деңгейлі банктер алдында қарызы болмауы керек.

Соңғы жаңалықтар