#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан облысында жыл басынан бері 400 мың шаршы метрге жуық үй беріліп, 10 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған

Түркістан облысында жыл басынан бері 363,5 мың шаршы метр тұрғын үй беріліп, 10541 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Түркістан облысында жыл басынан бері 363,5 мың шаршы метр тұрғын үй беріліп, 10541 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өңірде 13 кәсіпорын ашылып, 1665 адам жұмысқа орналасты. Жол картасы аясында 7 жаңа мектеп ашылған. Түркістан облысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының жүзеге асырылу барысы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында талқыланды.
Жол картасының орындалуы бойынша «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаевтың баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, сайлауалды бағдарламаның орындалуы партия филиалының қатаң бақылауына алынып, тұрақты түрде зерделеу жұмысы жүріп жатыр. 2021 жылы облыстық Жол картасы бойынша 110 индикатор жоспарланса, оның 25-і орындалды.
Аудандық, қалалық Жол карталарында жоспарланған 1418 индикатордың 668-і, яғни, 47 пайызы жүзеге асқан. Осы және өзге деректерге тоқталған баяндамашы сайлауалды бағдарламаны орындау барысындағы қиындықтар мен мәселелерге де тоқталды. Жол картасы бойынша жылына 2 рет аудан, қала әкімдерінің есептері тыңдалса, деген ұсынысын жеткізді.
Аппарат отырысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасының жүзеге асырылуы баяндалды. 2021 жылы 70 ауылдық елді мекенде 302 жобаға 16,1 млрд.теңге бөлінген. Іске асыру жоспарланған жобалар аясында білім, денсаулық, спорт саласында жаңа нысандар бой көтеріп, аудан, қалаларда инфрақұрылым жаңарады. Жыл қорытындысымен 280 нысанды пайдалануға тапсыру жоспарланса, бүгінгі таңда, 95 жобаның жұмысы аяқталып, қабылдауға дайын. Оның ішінде, 91 көше орташа жөндеуден өтіп, 4 мектепте күрделі жөндеу жасалған.

Соңғы жаңалықтар

«Ауыл аманатының» өнімдеріне сұраныс көп

Сенбі күні Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Бұл жолғы жәрмеңкені Қобда ауданы бастап отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әр сенбі сайын өткізілетін...

«Ауыл аманаты» — ауылдықтар үшін пайдалы жобаға айналды

Мысалы, Қаратал ауданының Жасталап ауылының тұрғыны Ерғазы Болат «Ауыл аманаты» шеңберінде жылдық 2,5% мөлшерлемемен 3 млн. 420 мың теңге алды. Бұл соманың 3 млн....

«Ауыл аманатының» игілігін көріп, табысын арттыруда

  Ел ішінде қолтығымыздан деме­се, дем беріп жебесе, нарық айдынын­да судағы балықтай еркін жүзіп кетер едік деген сөз жиі айтылады. Әрине, дү­ние құралу үшін оң...

«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫНЫҢ» БЕРЕРІ МОЛ

Қасиетті мекен тұрғындары 128 мың болса, соның 36 мыңы жастар. Яғни жалпы  халықтың 27,1 пайызы белсенді топ. Аудан жастиарын тұрақты жұмыспен қамту, бизнеске тарту...

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 376,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына...

2023 жылғы 1 желтоқсанға 595 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы...

Сенат арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізу бойынша заңнамаға түзетулерді мақұлдады

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмасын орындау үшін, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру мақсатында...

Елордада «Joltap» әлеуметтік жобасы аясында «Баршаға мүмкіндік» модульдік бекеттері ашылды

Енді астаналық өтініш біл­ді­ру­шілер мемлекеттік қолдау шара­лары жөнінде кеңес ала алады, сондай-ақ жекелеген ма­мандықтар, әсіресе фрилансерлерге арналған мамандықтар бо­йынша курстан өтіп, жұмыс табуға мүмкіндік...

Жоғары оқу орнын жаңа бітірген түлектерді жұмыспен қамтуға басымдық беріледі

Сонда кім кінәлі? Жалақысы төмен жұмысқа барғысы келмейтін дипломды маман ба, әлде қолайлы жағдай жасай алмай отырған Үкімет пе? Ұлттық статистика бюросының де­ре­гін бағдарласақ, қазір...