#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Парламент сенатының депутаттары Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев және Әлімжан Құртаев Түркістан облысының Құрметті азаматтары, халық қалаулылары және депутаттарымен басқосу өткізді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев және Әлімжан Құртаев Түркістан облысының Құрметті азаматтары, халық қалаулылары және депутаттарымен басқосу өткізді. Кездесуге Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев қатысты. Сенат депутаты Әлімжан Сейітжанұлы өз сөзінде ҚР Парламенті Сенатының жыл басынан бері атқарған жұмыстарға тоқталып, онда қаралып, қабылдаған заңдар туралы бірқатар түсініктер беріп өтті.
Кездесу барысында Түркістан қаласындағы жер телімдерін заңдастыру бойынша сауал қойды. Оған Әли Әбдікәрімұлы жауап беріп, республика көлеміндегі жерлерді заңдастыру, жерді жалға беру мәселелері туралы ойын жеткізді. Сенат депутаттары жиынға қатысқан барша азаматтарға ризашылығын білдіріп, өңірде атқарылып жатқан жұмыстара оң баға берді. Күллі түркі әлемінің рухани астанасының туристтік орталық ретінде дамып, қалыптасатынына сенім білдірді.
«Жергілікті атқарушы және өкілетті органдар туралы заңдарға өзгерістер енгізіліп жатыр. Мәслихаттарға артылып отырған жұмыс өте көп. Міндеттер мен жауапкершіліктер жоғары. Осы заңдардың қабылдануына өңірлердегі аудандық, облыстық мәслихат депутаттары үлкен үлес қосты», – деді Әли Әбдікәрімұлы кездесуде.
Сонымен қатар, Сенат депутаттары Кентау қаласының активімен кездесіп, Парламент Сенатында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Мұнан соң, сенаторлар индустриалды аймақта орналасқан «АБН альянс» полиэтилен құбырларын шығаратын кәсіпорынның жұмысымен танысты. Бүгінде мұнда 20-ға жуық тұрғын жұмыспен қамтылған. Ауызсу мен кәріз жүйесіне арналған құбырлар ел аумағына экспортталып жатыр.
«Кентау – облыс орталығы Түркістанның қасында орналасқан. Арасы өте жақын. Болашақта Түркістан мәдени-рухани тұрғыдан дамитын болса, қасындағы Кентау өндірістік бағытта қанат жаюы қажет. Яғни, екі қала біргелікті дамитын болады. Халқы да бір-біріне барып-келіп жұмыс істеуге де мүмкіндік мол», — ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев.

Соңғы жаңалықтар

«Ауыл аманатының» өнімдеріне сұраныс көп

Сенбі күні Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Бұл жолғы жәрмеңкені Қобда ауданы бастап отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әр сенбі сайын өткізілетін...

«Ауыл аманаты» — ауылдықтар үшін пайдалы жобаға айналды

Мысалы, Қаратал ауданының Жасталап ауылының тұрғыны Ерғазы Болат «Ауыл аманаты» шеңберінде жылдық 2,5% мөлшерлемемен 3 млн. 420 мың теңге алды. Бұл соманың 3 млн....

«Ауыл аманатының» игілігін көріп, табысын арттыруда

  Ел ішінде қолтығымыздан деме­се, дем беріп жебесе, нарық айдынын­да судағы балықтай еркін жүзіп кетер едік деген сөз жиі айтылады. Әрине, дү­ние құралу үшін оң...

«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫНЫҢ» БЕРЕРІ МОЛ

Қасиетті мекен тұрғындары 128 мың болса, соның 36 мыңы жастар. Яғни жалпы  халықтың 27,1 пайызы белсенді топ. Аудан жастиарын тұрақты жұмыспен қамту, бизнеске тарту...

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 376,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына...

2023 жылғы 1 желтоқсанға 595 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы...

Сенат арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізу бойынша заңнамаға түзетулерді мақұлдады

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмасын орындау үшін, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру мақсатында...

Елордада «Joltap» әлеуметтік жобасы аясында «Баршаға мүмкіндік» модульдік бекеттері ашылды

Енді астаналық өтініш біл­ді­ру­шілер мемлекеттік қолдау шара­лары жөнінде кеңес ала алады, сондай-ақ жекелеген ма­мандықтар, әсіресе фрилансерлерге арналған мамандықтар бо­йынша курстан өтіп, жұмыс табуға мүмкіндік...

Жоғары оқу орнын жаңа бітірген түлектерді жұмыспен қамтуға басымдық беріледі

Сонда кім кінәлі? Жалақысы төмен жұмысқа барғысы келмейтін дипломды маман ба, әлде қолайлы жағдай жасай алмай отырған Үкімет пе? Ұлттық статистика бюросының де­ре­гін бағдарласақ, қазір...