#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Ауданның инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында «Қазығұрт» индустриалдық аймағы (35 га) құрылып, аудан кәсіпкерлеріне мүмкіншілік жасалған.

Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауыл округы, Майлыошақ елді мекенінде орналасқан индустриялық аймақтағы өндірістік орындарды газдандыру мәселесін талқылау бойынша аудандық партия филиалы партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті.
Ауданның инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында «Қазығұрт» индустриалдық аймағы (35 га) құрылып, аудан кәсіпкерлеріне мүмкіншілік жасалған. Қазіргі таңда, 10,86 гектар жер телімінде 7,3 млрд. Теңгелік 193 жұмыс орнын құрайтын 5 жоба орналастырылған.

Аймаққа 2015жылы, 800 кВт/сағ 3-категориялық электр энергиясына техникалық шарт, газға 300 м3/сағ. техникалық шарт алынған және су жүйесі «Келес» өзенінен алынып арнайы тазалағыштан өткізіліп таза ауыз су беріліп келген. Қазіргі таңда, су тазалағыш қондырғыларының фильтрлері толып, су беру тоқтатылған.

Аймақтағы жобалардың инфрақұрылым қуатына деген қажеттіліктерін ескеріп, «Қазығұрт» индустриалдық аймақтың инфрақұрылымдар құрылысы нысанының 2-кезеңіне электр энергиясын – 3500 кВт/сағ., газды – 2500 м3/сағ., ауыз су – 48 м3 тәулігіне ұлғайту бойынша Индустриялды аймақ инфрақұрылымның 2 кезеңіне жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, 2019 жылы сараптамалық қорытынды алынды. Қорытындыға сәйкес жалпы сметалық құны 315,478 млн теңгені құрады. Жалпы индустриалды аймақтағы мәселенің шешімін табу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

Соңғы жаңалықтар