#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкенттік құтқарушылар тауда адасып кеткен азаматтарды тауып, қауіпсіз жерге көшірді

2020 жылғы 6 тамызда сағат 21.06-да «112» қызметіне Төлеби ауданы, Бірінші Мамыр ауылдық округы Жанажол ауылынан 10 км шақырым жерде орналасқан Оңтүстік Турбаза шатқалы аймағында 06 тамызда сағат 16.00-де 1946 жылғы ер азаматы және 1962 жылғы азаматшаның тауға шығып, адасып кеткендігі туралы хабарлама түсті.

2020 жылғы 6 тамызда сағат 21.06-да «112» қызметіне Төлеби ауданы, Бірінші Мамыр ауылдық округы Жанажол ауылынан 10 км шақырым жерде орналасқан Оңтүстік Турбаза шатқалы аймағында 06 тамызда сағат 16.00-де 1946 жылғы ер азаматы және 1962 жылғы азаматшаның тауға шығып, адасып кеткендігі туралы хабарлама түсті. Аталған мекенжай бойынша Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары құрамында 5 адам сағат 21.11-де шығып, жеткен бойы іздестіру жұмыстарына кірісті.

Сондай-ақ іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД-нен 15 қызметкер жұмылдырылды. Сағат 00-07-та қараңғы түсуіне байланысты тоқтатылды.
07 тамызда сағат 06.00-де 5 құтқарушысы адасып кеткен азаматтарды іздестіру жұмыстарын қайта бастады. Нәтижесінде сағат 07.05-те жоғалғандар табылып, қауіпсіз жерге көшірілді.

Құрметті азаматтар! Тауға шығар алдын, қауіпсіздікті ұмытпаңыздар. Қарпайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау-бұл сіздердің өмірлеріңіз үшін қауіпті. Таулы аймақтарға шығар алдын бұл туралы туыстарыңызға және құтқарушыларға алдын ала хабар беріңіздер. Өздеріңізбен бірге толық қуатталған ұялы телефонды, жылы киімдер мен азық-түлікті алуларыңыз қажет.

Соңғы жаңалықтар