Дүкен Мәсімханұлы бұған дейін Л.Гумилев атындағы «Еуразия» университетінде ұзақ жылдар жемісті еңбек еткен. Университет жанындағы Қытайтану институтын қоғамдық негізде басқарған білікті маман алып көршімізбен арадағы саяси-әлеуметтік байланыстардың бағдарына қатысты маңызы бар бірнеше мәселелер көтергені мәлім. Ол ұсыныстары жоғары деңгейде қолдау тапқаны да жадымызда.
Еліміздегі ең іргелі институттын бұған дейін аса ірі ғалым,фарабитанушы, кезінде бас мүфти болған Әбсаттар қажы Дербісәлі басқарған.