#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент: «Бастау бизнес» жобасы аясында тегін оқыту курстары басталады

2020 жылдың 10 маусымнан бастап «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік жүргізу негіздеріне арналған оқытудың тегін курстары басталады.


2020 жылдың 10 маусымнан бастап «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік жүргізу негіздеріне арналған оқытудың тегін курстары басталады. Биылғы жылы қабылданған карантиндік шараларды ескере отырып, «Atameken Academy» онлайн платформасы арқылы қашықтықтан онлайн-оқыту қарастырылған.

Оқытудың қатысушылары Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыз адамдар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары болып табылады, оның ішінде:
— ауылдық елдімекендерде, қалаларда, оның ішінде моно және кіші қалаларда тұратын адамдар;
— мүмкіндігі шектеулі жандар, егер медициналық қорытынды бойынша денсаулығы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтірмесе, не олардың денсаулығына және (немесе) басқа адамдардың еңбек қауіпсіздігіне зиян келтірмесе;
— зейнеткерлік жасқа жетпеген елу жастан асқан адамдар;
— жастар, сондай-ақ NEET санатындағы жастар;
— табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері;
— ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген мүшелері;
— қоныс аударушылар және оралмандар.
Оқу мерзімі 21 күннен аспайды. Бағдарлама аясында оқуды бітірген қатысушыларға сертификат беріледі.
Жоба шеңберінде онлайн-оқыту үшін қатысушылар Халықты жұмыспен қамту орталықтарына (Бәйтереков көшесі, 89) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, оқудан өту туралы өтінішпен жүгінуі тиіс. Халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткердің мәртебесін жобаның нысаналы тобына сәйкестігі расталған жағдайда оқуға жолдама береді. Өтініш беруші Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасына оқудан өту үшін топқа қабылдауды өтінеді. Сонымен қатар, үміткер өз бетінше жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және Халықты жұмыспен қамту орталығынан жолдамасын https://atameken.co/ru/course-bastau сілтемесіне жүктеу арқылы онлайн-өтінімді тапсыра алады. Оқытудың нақты орны мен уақыты туралы толық ақпарат алу үшін Шымкент қаласының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына хабарласу қажет: 1432, 87252 39 49 77.

Соңғы жаңалықтар