#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкентте әуежайға баратын жолдың құрылысы жүріп жатыр

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов халықаралық әуежай аумағында салынып жатқан жаңа жолаушылар терминалына баратын жол құрылысының барысын көріп шықты.

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов халықаралық әуежай аумағында салынып жатқан жаңа жолаушылар терминалына баратын жол құрылысының барысын көріп шықты.

Жалпы ұзындығы 2,287 шақырымды құрайтын жол құрылысының бүгінде жер жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәселен, суағар каналмен қиылысқан жерінде су өткізгіш құрылысы мен темір-бетонды құбырдың құрылыс-монтаж жұмыстары және жолмен қиылысатын газ, су құбырының кабельдерін қорғау, жер астына ауыстыру жұмыстары атқарылуда.

Жолдың сапасына баса мән беруді тапсырған қала басшысы жолдың сапасын құрылыс біткен соң емес, кемшіліктерді алдын-ала анықтап, жою керектігін ескертті. Сонымен қатар, әкім жолдың көлік өтетін бөлігін қыркүйек айына дейін аяқтауды міндеттеді.
Өздеріңіз білетіндей, Шымкентте халықаралық әуежай аумағында жаңа жолаушылар терминалының құрылысы жүргізілуде. Ондағы жол құрылысы және инженерлік желілерді қайта құру, әуежай алдындағы автотұрақты және вокзал алды алаңының құрылысы мен абаттандыру жұмыстары қоса жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарын 2020 жылдың соңына қарай аяқтау көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар