Алматыға жақын жерде жер сілкінісі болды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, магнитудасы 4,0 жер сілкінісі «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» сейсмикалық станциялар желісінде 15 шілдеде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 14.48-де тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі — Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 44 шақырым жерде, Талғар ауданының аумағында.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 8,4. Тереңдігі — 10 шақырым.
«Алматы облысы ТЖ Департаменті ақпаратты алғаннан кейін жергілікті атқарушы органдарға, полиция департаментіне, ҚазСелденҚорғау департаментіне, прокуратураға және басқа да ұйымдарға хабарланды, тапсырылған аумақтардағы жағдай нақтыланып жатыр, қираулар мен қаза тапқандар туралы хабарлама түскен жоқ», — делінген хабарламада.