Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан аймақтарындағы эпидемиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
«Сары аймақта» Шымкент қаласы мен Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары орналасқан. Ал қалған өңірлер «жасыл аймақта» тұр.