#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Орталық мемлекеттік архивке жаңа басшы келді

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың бұйрығымен Сәбит Шілдебай «Орталық мемлекеттік архив» Республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың бұйрығымен Сәбит Шілдебай «Орталық мемлекеттік архив» Республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

Ұжымға жаңа басшыны Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Сәбит Шілдебай — 2006-2008 жылдары Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Қоғамдық пәндер кафедрасының доценті міндетін атқарушы;

2008-2011 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ «Отан тарихы» кафедрасының доценті (ғылыми атақсыз) әрі тарих факультетінің ғалым-хатшысы;

2011-2014 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ Магистратура және PhD докторантура институты директорының тәрбие және ғылыми істер жөніндегі орынбасары, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы;

2014 жылдың қыркүйегінен бастап «Алматы» университетінің деканы;

2015-2017 жылдары «Алматы» университетінің ректоры;

2017-2018 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ КБББАҚО директоры;

2018 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ Тәрбие және жастар саясаты департаментінің директоры, «Алматы» университеті ректорының кеңесшісі;

2019 жылдың мамырынан бастап Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихы» бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Бір монография, бір оқу құралы, 3 ғылыми жинақ пен 150-ден аса ғылыми еңбектің авторы.

Сонымен қатар 150-ден аса публицистикалық, журналистік зерттеу және саяси сараптама мақаласы БАҚ-да жарық көрген. Тарих ғылымының кандидаты, Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты (2010).

Соңғы жаңалықтар