#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Алматы маңында жер сілкінді

ҚР БҒМ ҒК СЭМЭ" ММ сейсмикалық станциялар желісі Алматы маңында сағат 7:13-те жер сілкінісін тіркеді.

«ҚР БҒМ ҒК СЭМЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісі Алматы маңында сағат 7:13-те жер сілкінісін тіркеді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 95 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.

Дүмпулер қанша баллға сезілгені (МЅК-64 шкаласы бойынша) туралы мәлімет жоқ.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.7.
MPV магнитудасы 4.9.
Эпицентрдің координаттары солтүстік ендік бойынша 42.73 градус және шығыс бойлықта 77.89.
Тереңдігі 5 шақырым.

Алайда алматылықтардың кейбірі жер асты дүмпулерін сезгенін мәлімдеді.

«Мен Жароков көшесі мен әл-Фараби даңғылының қиылысында тұрамын. Сілкіністен күрт ояндым. Бір рет қатты сезілді. Мен үлкен жүк көлігі өткен шығар десем. Кейде олардан жер дірілдейді емес пе. Қорқып кеттім», — дейді алматылық қыз.

Соңғы жаңалықтар