Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жерде жер сілкінісі болды. Дүмпулер ҚР БҒМ ҒК СЭМ ММ сейсмикалық станциялар желісімен 9 ақпанда астана уақыты бойынша сағат 07.07-де тіркелді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.6, MPV магнитудасы 3.8. Тереңдігі 15 шақырым.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): жоқ