#Президент

#Абай

#Коронавирус

#Түркістан

#Руханият

#Shymkent

#ТМД мәдени астанасы

Редакция таңдауы

Ақтөбе облысында 22 цистерна рельстен шығып кетті

Ақтөбе облысында жүк пойызының 22 цистернасы теміржолдан шығып кетті. Төтенше жағдай салдарынан Атыраудан Алматыға келе жатқан жолаушылар пойызын тоқтауға мәжбүр болды, - деп хабарлайды...

Теміртауда полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті: қылмыстық іс сотқа жолданды

Теміртауда полиция қызметкері күдікті болған жол көлік оқиғасы бойынша тергеу жұмыстары аяқталды. Материалдар сотқа жолданды, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  Қарағанды облысы...

Түркістанда жекеменшік үйде бес адам өлі табылды. Төртеуі бала

Түркістанда жекеменшік үйде бес адам өлі табылды, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  "2021 жылғы 27 ақпанда сағат 18.35-те Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік...

Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы міндетін атқарушы болып Мәди Манатбекұлы тағайындалды. Мәди Манатбекұлы 1978 жылы 25 мамырда дүниеге...

Ержан Жасыбаев Талдықорған әкімі болып тағайындалды

Алматы облысында әкім ауысты. Талдықорғанның жаңа басшысы болып Ержан Жасыбаев тағайындалды, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  "Алматы облысы әкімінің өкімімен Ержан Жасыбаев Бәкірбайұлы...

Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салық есептеу жеңілдетілді

Пандемиядан зардап шеккен секторларда жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін жаңа бөлшек салықтың арнаулы салық режимі енгізілді. Енді оларға айналымнан 3% мөлшерінде корпоративтік немесе жеке табыс...

Алматыда автобус қағып кеткен әйел қайтыс болды

Алматыда Сейфуллин даңғылы мен Мақатаев көшесі қиылысында автобус қағып кеткен 57 жастағы әйел қайтыс болды, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  Жол апаты...

Шымкенттің бұрынғы бас сәулетшісі 10 жылға сотталды

Шымкенттің бұрынғы бас сәулетшісі Жеңіс Байымбетов жарты миллиард теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Шымкенттің бұрынғы бас сәулетшісі Жеңіс Байымбетов жарты миллиард теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұрынғы шенеунікке және оның серіктесіне ауыр қылмыстық іс бойынша үкім 26 қаңтарда әл-Фараби аудандық сотында жарияланды. Мегаполистің бас сәулетшісі 2020 жылдың маусымында ұсталды.

Антикор қызметкерлері Байымбетов 2019 жылдың ақпан-тамыз айларында мердігермен алдын ала сөз байласып, бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілінген. Былтыр қазан айында іс сотқа жолданды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің материалдары бойынша Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Байымбетов пен «ИнвестСтройПроект ЛТД» ЖШС директоры Айтбаев қаланың топографиялық түсірілім жұмыстарын мемлекеттік сатып алу кезінде 498 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлаған.

Компания жоспар құра отырып, Шымкенттің құрылыс салынған аумақтарында жерасты және жерүсті коммуникацияларының топографиялық түсірілімін жүргізуге тиіс болды.

Іс жүзінде құжаттар одан әрі пайдалануға жарамсыз болып шықты, өйткені онда жағдай бұрмаланған. Бірнеше айдан кейін кәсіпкер қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған, ал бұрынғы шенеунік жер учаскесін алған. Ол сәулетшінің туысының атына рәсімделген. Біраз уақыттан кейін осы учаскеде құрылыс басталды. Сот үкімімен бұл учаске және сот қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынды деп есептеген басқа мүлік тәркіленді.

Бұрынғы шенеунік Қылмыстық кодекстің «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету» және «Қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру» баптары бойынша кінәлі деп танылды.

«Ж. Байымбетов қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып, мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істеу құқығынан айырылып, 10 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға сотталды. А. Айтбаев «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету» бабы бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айыру, материалдық жауапкершілікке байланысты қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға айыру, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде жазасын өтеу түріндегі жазаға тартылды», — деп хабарлады Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Сотталғандар айыппен келіспей, сот үкіміне шағымданбақ. Шымкент қаласының әкімдігі қалалық бюджеттен ұрланған ақшаны әзірге қайтара алмады.

Соңғы жаңалықтар

10 наурыздан бастап «Алматы жастары» бағдарламасы қайта іске қосылады

Биыл 10 наурыздан бастап «Алматы жастары» бағдарламасы қайта іске қосылады. Бұл туралы қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Ермек Әміров мәлімдеді, деп хабарлайды...

Қарулы Күштерде коронавирус жұқтыру дерегі екі есе азайды

Қорғаныс министрлігінде өткен аппарат кеңесінде Қарулы Күштерге қойылған міндеттерді жүзеге асырудың жолдары мен тәсілдері айқындалды, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.   Роталардың үйлесімдігі...

Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек жібереді

Қазақстан Қырғызстан армиясына көмектесуге, сондай-ақ гуманитарлық көмек жіберуге дайын. Бұл туралы Қырғызстан мен Қазақстан басшысы қатысқан брифингте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, - деп...

Ата-анасы жұмысқа кеткен: өрттен 5 жасар бала қаза болды

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында өрттен бала қаза тапты. Бұл кезде ата-анасы үйде болмаған, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  ТЖД өкілдері бала...

Қазақстанда кибер шабуылдар күрт артқан

2021 жылдың қаңтар айының өзінде ғана елімізде 3 мыңнан астам кибер шабуыл жасалған. Бұл 2020 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 2,8 есе көп, деп...

Шымкентте қос азаматтығы бар шенеунік жұмыстан босатылды

Қос азаматтығы бары анықталған шымкенттік шенеунік Олег Почивалов жұмыстан шығарылды. Ақпаратты қала әкімдігі растады, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  Шымкент қаласы әкімі...

Павлодарда ҚТЖ бөлімше басшысы ұсталды

Павлодарда "ҚТЖ" ҰК" АҚ бөлімше басшысы ұсталды. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, бөлімше басшысы жұмыстағы қамқорлығы үшін жүйелі түрде заңсыз сыйақы алып отырды деген күдікке...

Қазақстанда өрттен қаза тапқан адамдар саны артты

Қазақстанда өрт кезінде қаза тапқан адамдар саны 19 пайызға өсті. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме...

Алматыда полицей құрылысы аяқталмаған үйдің төбесінен құлап кетті

Алматыда жасөспірімдерді тоқтатуға тырысқан полицей құрылысы аяқталмаған көпқабатты үйдің төбесінен құлап кетті. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz...