«МузАРТ» тобының әншісі Мейрамбек Бесбаев Алматыда коронавируспен ауруханаға түсті, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Иә, кеше түсте жедел жәрдем шақырдық. Жағдайы күрт нашарлап кетті. Алдымен пневмония деген, кейін коронавирус анықталды», — деді «МузАРТ» тобының директоры Ерлан Жүнісбай Tengrinews.kz тілшісіне.
Топ директорының айтуынша, қазір Мейрамбек Бесбаев тың жағдайы жақсы.
«Онымен кеше кешке сөйлестім. Бұл ауруға өзі сенбегенін айтқан. Қалқамандағы №7 аурухананың дәрігерлеріне алғыс айтқысы келеді. Қазақстандықтар мұның қаншалықты қауіпті екенін түсініп, олардан үйде отыруын және қонаққа бармауын сұрады», — деді Жүнісбай.