2021 жылдың 10 қаңтарындағы коронавирус инфекциясы мен COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандарға қатысты ақпарат шықты, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәлімет бойынша, бүгінде 23 138 адам короновирус инфекциясынан (11 243 КВИ+ және 11 895 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 5 608 пациент стационарда, 17 530 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 277 адамның жағдайы ауыр;
• 53 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 44 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі 8 қаңтардағы мәлімет бойынша, 105 жағдай тіркеліп, 2 жағдай өліммен аяқталған. 164 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап: науқастар саны — 46 323, өлім жағдайлары — 524, барлығы 33 904 адам сауығып шықты.