Алматыда Toyota Camry 70 көлігінің мас жүргізушісі түнгі уақытта металл қақпаға барып соғылған, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, жол апатынан екі жолаушы зардап шекті.
Бұл оқиға 3 қаңтарда шамамен сағат 02.50-де болған.
«1998 жылғы А. есімді жүргізуші мас күйде Toyota Camry 70 тізгінін басқарып кележатып, әл-Фараби даңғылында батыс бағытта көлік тізгініне ие бола алмай, металл қақпаға барып соғылған», — деді полициядағылар.
«Қазіргі уақытта бұл дерекпен Бостандық аудандық полиция басқармасының өкілдері айналысып жатыр», — деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының басшысы, полиция майоры Олжас Шәріпов.