#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Дәрігерлердің үстемақысы: Алматыда 55 миллион теңгеге заңбұзушылық анықталды

Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаменті коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлерге арналған үстемақыны төлеу ережелерін бұзған.

Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаменті коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлерге арналған үстемақыны төлеу ережелерін бұзған. Заң бұзушылықтардың жалпы сомасы 55,6 миллион теңге, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Қаржы министрлігінің Алматы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті  портал сұрауына жауапта айтты.

Мамандар 2020 жылдың 1 қаңтары мен 31 тамызы аралығындағы ТКҚСҚБД шығындарын тексерген.

«Дағдарысқа қарсы іс-шараларға тартылған жалпы сомасы 55,6 миллион теңгеге заңнама нормаларын бұза отырып, мекеме қызметкерлерін ынталандыру үстемелерін есептеу мен төлеу кезінде бюджет қаражатын пайдалану деректері анықталды», — деп хабарлады ведомстводағылар.

Аудит нәтижелері бойынша, департаментке анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама жіберілді. Оған жол берген адамдар да жауапқа тартылуы керек.

Еске салайық, 2020 жылдың сәуірінен бастап Алматы ТКҚСҚБД-ны Жандарбек Бекшин басқарады.

Оған дейін басшы қызметін Айзат Молдағасымова атқарған. Ол сыйақыға байланысты жанжалдан кейін өз еркімен жұмыстан кеткен болатын. Сол кезде Желіде оның өзіне ең көп сыйақы жазып алғаны туралы ақпарат пайда болған. Кейін Айзат Молдағасымова бұл қауесетті жоққа шығарды.

Соңғы жаңалықтар