#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Өмірзақ Шөкеев қатаң карантиндік шектеу іс-шараларын сақтауды ескертті

Өңірде соңғы бір аптаның ішінде 360 адам осы індетке шалдыққан.

Коронавирус Түркістан өңірінің барлық әкімшілік аумақтарында тіркелді. Өңірде соңғы бір аптаның ішінде 360 адам осы індетке шалдыққан. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен лездемелік мәжіліс отырысында мәлімденді. Жиында облыс аумағында коронавирустық инфекциясы бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтылды. Аймақ бойынша соңғы деректерге сәйкес, аталған індетпен тіркелгендер саны – 2000-нан асты.

КВИ-дан 33 өлім жағдайы тіркелген, оның ішінде 24 жағдай негізгі COVID 19 коронавирусты инфекция диагнозымен және 9  жағдай COVID 19 коронавирустық инфекция ілеспе диагнозын құрайды.

Өмірзақ Естайұлы Түркістан облысының аумағында қатаң карантиндік шектеу іс-шаралары 5 шілдеден бастап 20 шілде аралығында енгізілгенін ескертті. Және оларды қатаң сақтауды қадап айтты. Осыған орай, барлық аудан, қала әкімдері, басқарма басшылары мен тиісті мемлекеттік органдар шектеу шараларына сәйкес жұмыс атқарулары қажет екенін ескертті.

Соңғы жаңалықтар