#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Мақтаралда кәсіпкер 5 мың медициналық бетпердені тегін таратты

Қазіргі таңда еліміздегі Төтенше жағдайға байланысты қиын-қыстау сәтте жомарт кәсіпкерлері халықпен бірге екендіктерін көрсетуде.

Қазіргі таңда еліміздегі Төтенше жағдайға байланысты қиын-қыстау сәтте жомарт кәсіпкерлері халықпен бірге екендіктерін көрсетуде. Карантин жарияланған Атакент кентінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға тегін медициналық бетперделер мен азық-түліктер үлестірілді.

«Өздеріңізге белгілі, еліміздегі ең ірі тігін кәсіпорны саналатын Шымкент қаласындағы «Азала текстиль» фабрикасына шикізатты ауданымыздағы «Мырзакент» мақта өңдеу зауыты жеткізеді. Сондықтан, бүгін таратылып жатқан медициналық бетперделердің барлығы да Мақтааралдың мақтасынан жасалғанын атап өткен жөн. Қазіргі таңда ауданымызда 7 тігін шеберханасы күніне 4 мыңнан астам бетперде тігіп, 17 дәріханаға 70-80 теңгеден өткізеді. Өз кезегінде дәріханалар өнімнің бағасын 100-120 теңгеден асырмауы тиіс!» — деді Сәкен Асылханұлы.

Айта кетейік, «Nur Otan» партиясы республикалық деңгейде коронавируске қарсы күресті күшейту, тұрғындарға көмектесу мақсатында Елбасының бастамасымен «Біз біргеміз!» республикалық акциясын жариялағаны белгілі. Қатерлі індетке қарсы күресті күшейтіп, көмекке аса мұқтаж жандарға қол ұшын созуды құптаған қайырымды істі жүзеге асыру үшін Мақтаарал ауданы әкімдігі мен «Nur Otan» партиясының Мақтаарал аудандық филиалы белсенді жұмыс жасауда.

Соңғы жаңалықтар