Биыл 15 тамыз бен 15 қазан аралығында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» жарияланды. Осы кезеңде ТЖД мамандары полиция өкілдерімен, қоғамдық бірлестіктермен және еріктілермен бірге хабардарлықты арттыру және ықтимал өрттердің алдын алу үшін профилактикалық іс-шаралар өткізетін болады.
ТЖД мемлекеттік бақылау басқармасының аға инженері Е. Әубәкіров адамдардың өмірі мен денсаулығын, сондай-ақ мүлікті және қоршаған ортаны өрттен қорғау жөніндегі іс-шаралардың маңыздылығы туралы айтып берді. Ол ТЖД қызметкерлері ықтимал қауіптердің алдын алу үшін жылыту маусымына үнемі дайындалып жатқанын атап өтті.