Мароккода толассыз жауған жаңбырдан фабриканы су басып, 24 адам қаза тапты. Тағы 10 кісі құтқарылды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
Ал жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Мароккода індеттен ірі кәсіпорындар тапсырыстарды көптеп орындау үшін осындай заңсыз фабрикалардың қызметіне сүйенуді арттырған. Оларда әдетте 40 адамға дейін жұмыс істейтінін айтады.