Алматы облысында жүк көлігі сегіз жастағы баланы қағып кетті. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері оқиғаның 26 қаңтарда Еңбекшіқазақ ауданында болғанын хабарлады. ЖКО-ға қатысты соталды тергеу басталды.
«Тергеу барысында қайғылы жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталады. Полиция департаменті баланың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», — деп толықтырды Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда жолды кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні автобус жүргізушісі қағып кеткен. Әйел адам оқиға орнында қаза тапты.