#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Оралда 71 жастағы қария өзіне қол жұмсады

Оралда 71 жастағы ер адам өзіне-өзі қол жұмсады.

Оралда 71 жастағы ер адам өзіне-өзі қол жұмсады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков мәлім етті, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. 

Белгілі болғандай оқиға 25 қаңтар күні шамамен сағат 20.30-да болған. 1949 жылғы ер адам өзіне-өзі дене жарақаттарын салып, көз жұмған. Қазіргі кезде ҚР ҚК 105-бабына (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел жәрдем сағат 21.10-да шақырылған. Қарт кісі жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.

 

Соңғы жаңалықтар