
Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандар ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауында сақтық шараларын қатаң түрде сақтанып, дауыс беруде.
Сарыағаш орталық ауруханасындағы отыз науқас сайлауға қатысқан. Оның ішінде жиырма сегізі пневмониямен тіркелген болса, екеуі короновирус инфекциясын жұқтырғандар. Сондай-ақ, Леңгір қалалық ауруханасында пневмониямен жатқан он үш науқас дауыс берді. Жетісай аудандық орталық ауруханасындағы жиырма науқас сайлауға қатысуға ниет білдірген.
Айта кетейік, Мұндай дауыс беруді байланыссыз тәсілмен, мысалы, саты алаңында (үй маңындағы аумақта) қатысушы дауыс беруге арналған бюллетеньді және үй-жайдан тыс жерде дауыс беру туралы өтінішті тасымалданатын жәшікке салу арқылы өткізген.
Алайда дауыс беруге арналған бюллетеньді алғанға дейін дауыс беруге қатысушы маска тағып, қолын антисептикпен дезинфекциялауы тиіс.
Учаскелік комиссия мүшелері міндетті түрде қолдарын, тасымалданатын жәшікті дезинфекциялауы керек. Жеке қорғаныш құралдарын екінші рет пайдалануға болмайды, көрсетілген жеке қорғаныш құралдары тығыз жабылатын контейнерге немесе одан әрі кәдеге жарату үшін бакқа салынуы тиіс.