#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Атырау полицейлері браконьерді 6 центнер қызыл балықпен ұстады

Атырау полицейлері 6 центнер қызыл балық аулаған браконьерді ұстады.

Атырау полицейлері 6 центнер қызыл балық аулаған браконьерді ұстады, деп хабарлайды ADYM.KZ baq.kz сайтына сілтеме жасап. 

14 қазанға қараған түнде Дамба ауылы маңындағы Жайықтың бір арнасында су полициясының қызметкерлері «Yamaha» моторлы қайығын тоқтатты. Онда жалпы салмағы 625 кг бекіре тұқымдас 238 дана балық болды. Қайықты Жаңаталап ауылының 31 жастағы тұрғыны басқарған.
ҚР ҚК 339-бабы («Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерімен заңсыз айналысу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Облыстың бас полицейі біздің өңірде 10 қыркүйектен бастап 31 қазанға дейін браконьерлікпен күресуге бағытталған «Бекіре» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатқанын еске салды.

Соңғы жаңалықтар