Түркістан облысы, Шардара ауданында бірде — бір коронавирус науқасы қалмаған. Орталық ауруханасының инфекциялық бөлімінен бүгін соңғы емделуші жазылып шықты. Жалпы, Шардара ауданында коронавирус инфекциясын жұқтырған 43 науқас тіркелген. Бір адам созылмалы ауруларының асқынуынан қайтыс болды. Жазылып шыққан барлық науқастардың жағдайлары жақсы., деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Атап өтерлігі, ауданда пневмония ауруының да азайғаны байқалады. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, 40 адамға есептелген провизорлық орталық 20 төсек-орынға қысқарған. Науқастар жоспарлы емге қабылдана бастады.
Ал, Түркістан облысы бойынша 440 инфекциялық төсек-орны 2 есе азайды. 1941 провизорлық төсек-орынның 1020-сы қысқарды. 1136 төсек — орын науқастарды жоспарлы емге қабылдауға бейінделді. COVID-19 расталған науқастар саны — 3032. Бір күндік өсім 0,8 пайызды құрап, аурушаңдық төмендеді. Жалпы сауығып шыққандар саны – 2616. Яғни, сырқаттанғандардың 86,2 пайызы.