Бүгін елімізде жетінші рет Мемлекеттік қызметші күні аталып өтеді.
Бұл атаулы күннің тарихы Біріккен Ұлттар Ұйымынан бастау алады. 2002 жылдың 20 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 23 маусымды БҰҰ-ның мемлекеттік қызметшісі күні деп жариялау қарарын қабылдап, оған мүше әр мемлекетті де осыған байланысты бір күнді белгілеуге шақырды. 2013 жылдың 20 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің №716 Қаулысымен 23 маусым — Мемлекеттік қызметші күні болып бекітілді.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша 2 067 лауазым бар. 1932 қызметкер жұмыс істейді. Олардың 541 басшылық лауазымда.
Жыл сайын үздік мемлекеттік қызметкерді анықтау конкурсы ұйымдастырылып отырады. Биылда жалғасын тапқан Республикалық шараға Шымкент қаласынан 3 қызметкер жолдама алған болатын. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Қапалбаева Ақжібек «Үздік мемлекеттік қызметші» номинациясына ие болды.