#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Шардаралық диқандары 6500 тонна қарбызды экспорттап үлгерді

Түркістан облысы Шардара ауданының диқандары 6500 тонна қарбызды экспорттап үлгерді.

Түркістан облысы Шардара ауданының диқандары 6500 тонна қарбызды экспорттап үлгерді. Өнім Қазақстан аумағына және ТМД елдеріне жөнелтілген. Бүгінде тұтынушылар мен кәсіпкерлер қарбызды егістік алқабының басынан бір келісін 80-95 теңге аралығында сатып алуда.

Айта кетерлігі, биыл ауданда 10710 га жерге бақша өнімдерін егу жоспарланған. Қазіргі таңда 7380 гектар бақша дақылдары егіліп, көктемгі егіс жұмыстары жалғасуда. Егістік алқаптарына минералды тыңайтқыштар тасымалданып жатыр. «Нимэкс», «Мырзакент» ЖШС-і шаруаларға минералды тыңайтқыштар тасымалдауды фьючерс арқылы таратуды қолға алған.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге Үкімет тарапынан жеңілдетілген бағада 3120 тонна жанар-жағармай бөлініп, ақпан айына 780 тонна, наурызда 780 тонна, сәуір айына 910 тонна және мамыр айына 650 тонна жеткізілген. Сондай-ақ, операторлардың жанар-жағармай бекеттерінде жеңілдетілген бағада 160 теңгеден жанармай босатылуда.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың мәлімдеуінше, биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша өңірдегі ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 140 млрд теңге болып, республикадағы үлесі 15%-ға жеткен.

«Осылайша республика бойынша екінші орынды иемдендік. Жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы өнімі өткен жылдан 77 млрд теңгеге артып, 706 млрд теңге көлемінде болады деп межеленген. Бүгінгі күнге өнім жинау науқаны басталып, 2,2 мың тонна бақша, 245,4 мың тонна көкөніс, 22,3 мың тонна картоп жиналды. Одан бөлек 727,2 мың тонна мал азығы дайындалды», деді Нұрбек Бақтыбайұлы.

Облыс бойынша масақты дақылдардан 477,4 мың тонна, дәндік жүгеріден — 202,8 мың, мақсарыдан — 74,4 мың, мақтадан — 334,8 мың, көкөніс, бақша, картоптан 2 млн 760 мың тонна өнім алу жоспарланған.

Сонымен қатар, өңірде тамшылатып суғару әдісі қосымша 1,7 мың гектарға ұлғайып, жалпы көлемі 19,3 мың гектарға жетті. Ал жылыжайлар 55,02 гектарға салынып, жалпы көлемі 1 168 гектар  болған. Бүгінгі күнге, жылыжайларда жалпы 88,2 мың тонна өнім өндірілді.

Соңғы жаңалықтар