Жансейіт Қансейітұлы ТҮЙМЕБАЕВ
1958 жылы туылған, білімі жоғары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткері, дипломат, мамандығы бойынша филолог, қазақ тілі және әдебиеті оқытушысы, заңгер, филология ғылымдарының докторы, профессор.
Еңбек жолын 1980 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті болып бастаған.
1984-2010 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің доценті, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Таяу, Орта Шығыс және Африка елдері басқармасының бірінші хатшысы, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Түрік Республикасындағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Протокол қызметінің консультанты, Түрік Республикасының Ыстамбұл қаласындағы Қазақстан Республикасының бас консулы, Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бастығы, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, Қазақстан Республикасының Түрік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарын атқарған.
2016 жылғы 7 қазаннан бүгінге дейін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарған.