Ашық аспан астында өтетін Алтыншы халықаралық The Spirit of Tengri 2018 заманауи этникалық музыка фестивалі жаздың бірінші демалысында 2-3 маусым аралығында Алматы қаласы Республика сарайының алдындағы Абай атындағы алаңда (Дәстүр бойынша қаланың басты open-air алаңы, сағат 17:00) өтеді. Кіру тегін.
Фестиваль Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі. Ұйымдаструшылар фестивальдің ғаламат әрі жарқын кеш болатын, сондай-ақ отбасылық атмосферада өтетінін айтады.
Аталған іс-шараның басты серіктесі Magnum Cash&Carry сауда желісі. Фестиваль Tez Tour Kazakhstan туроператорының қолдауымен өтеді. Қонақтарды «Қазақстан» қонақүйі күтеді. KZ Sound компаниясы фестивальге техникалық қолдау көрсетеді.
Еске сала кетсек, осыған дейінгі жылдары фестивальдің басты серіктесі Kaspi Bank болды.
АЛМАТЫДА ЗАМАНАУИ ЭТНИКАЛЫҚ МУЗЫКА ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ
«Маусым айында Оңтүстік астана жүрегінде әлемнің түкпір-түкпіріндегі Ethnoworld жанырындағы үздік орындаушылар Қазақстан жерінде бас қосады», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі tengrinews – ке сілтеме жасап.