
Бұл оқиға Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен – Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау, Түркістан, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарынан келген жас жауынгерлердің әскери қызметке ресми қабылдануы мен Отанға адал қызмет етуге берілген маңызды уәдесінің символы болды.
Жас сарбаздар бір ай бойы алғашқы әскери дайындықтан өтіп, әскери қызметтің негізгі талаптары мен жалпыәскери жарғыларды, саптық және атыс даярлығының негіздерін жоғары деңгейде меңгерді. Бұл кезең олардың физикалық және рухани дайындығын арттыруға, әскери тәртіп пен міндеттерді түсінуге бағытталды.
Салтанатты ант қабылдау рәсімі бөлімшенің Жауынгерлік туының шығуымен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының орындауымен басталды. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының командирі полковник Марат Құдабаев жас сарбаздарды құттықтап, оларға зор сенім артып, батылдық пен табандылық, денсаулық пен сәттілік тіледі. Ол ант қабылдағандардың әскери істің негіздерін игеріп, нағыз Отан қорғаушы ретінде қызмет ететініне сенім білдірді.
Сонымен қатар, шарада сарбаздардың аналары мен отбасылары да сөз алып, балаларына деген сенім мен қолдауын білдірді. Отбасылар атынан сөйлеген Олеся Полоз сарбаздарға төзімділік, рухани күш пен батылдық тіледі. Ол жас жауынгерлердің отбасыларының мақтанышы екенін атап өтіп, олардың қызметтерінде табыс пен жігер тілегенін жеткізді.
Рәсми бөлімнен кейін жас сарбаздар өздерінің әскери машықтарын көрсетті. Олар қол күресі элементтерін, саптық жүріс және қарумен жұмыс істеу тәсілдерін ұтымды әрі шеберлікпен орындады. Бұл көріністер ата-аналар мен туыстар үшін ерекше тосынсый болды, себебі олар ұлдарының әскери даярлығының жоғары деңгейін нақты көріп, мақтаныш сезімін бастан кешірді.
Іс-шара соңында командалық құрам туыстармен арнайы кездесу өткізді. Онда олар отбасы мүшелерінің барлық сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, қажетті байланыс құралдарын ұсынды. Бұл әңгіме жастардың болашақтағы қызметі туралы түсінік қалыптастыруға және туыстардың сенімді болуына мүмкіндік берді.
Осы маңызды оқиғадан кейін жас сарбаздарға қысқа мерзімді алғашқы демалыс берілді. Демалыстан кейін олар Батыс Қазақстан өңіріндегі әуе шебін күзету мақсатында өз қызмет орындарына аттанатын болады. Жас жауынгерлер Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы бөлімшелерге, сондай-ақ Бейнеу кенті, Жаңаөзен және Форт-Шевченко қалаларына бөлініп, өз міндеттерін атқарады.
Бұл ант қабылдау рәсімі жас сарбаздардың әскери қызметке ресми түрде кіріскенін, олардың Отанға адал қызмет етуге дайын екенін дәлелдеді. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының әскери қызметшілері ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратындықтан, жас жауынгерлердің кәсіби және рухани дайындығы елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда шешуші фактор болып табылады. Осындай салтанатты шаралар жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге, әскери қызметтің беделін арттыруға және олардың азаматтық борышына деген жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.