#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Алматыда әскери институттың 210 курсанты оқу мекемесінен кетіп қалған

Қорғаныс министрлігі Алматыдағы әскери институттың 210 курсанты 1 желтоқсанда оқу орнынан кетіп қалғанын мәлімдеді.

Қорғаныс министрлігі Алматыдағы әскери институттың 210 курсанты 1 желтоқсанда оқу орнынан кетіп қалғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«2021 жылдың 1 желтоқсанында сағат 18.00-ден кейін құрлық әскерлері әскери институтының төртінші курстың 210 курсанты оқу орнынан рұқсатсыз кетіп қалған.

Институт бастығы, генерал-майор Дулат Адырбековтің айтуынша, курсанттардың өз бетінше кетіп қалуының себебі — кадр тағайындалуында келіспеушілік, факультет (курс) бастығының ауысуы және бұрынғы басшылықты қайтаруын сұрауы», — делінген хабарламада.

2 желтоқсанда таңғы 9-дан бастап курсанттар сабаққа қатысқаны атап өтілді. Олардың ата-аналарына болған жағдай хабарланады.

Бұл дерек бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдиновтің басшылығымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы тергеу жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар