Алматыда №7 клиникалық ауруханада күзетшіні соққыға жығып, дәрігерді балағаттаған 36 жастағы қала тұрғыны қамауға алынды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
№7 қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі мәлім еткендей, ер адам ауруханаға түскен әйеліне ерекше қарауларын талап еткен. Қоғамдық орында және қызметтік міндеттерін атқару кезінде ар-намыс пен абыройын қорлағаны үшін дәрігер полицияға шағым түсірді.
Сот отырысында ер адам өз кінәсін мойындап, құқық бұзушылық фактісін растады. Ол істеген ісіне өкініп, соттан қатаң жазаламауды сұрады.
Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тану туралы шешім қабылдады. Сот оны 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы қаулы шығарды.