#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістанда автобус жолаушысынан героин табылды

Түркістан облысында автобус жолаушысынан 300 доза героин тәркіленді.

Түркістан облысында автобус жолаушысынан 300 доза героин тәркіленді, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz  сайтына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Түркістан қаласында аса ірі көлемде героин тасымалдаған тұрғын ұсталды. Есірткіні заңсыз тасымалдау және сақтау туралы ақпарат облыстың Полиция департаменті Есіртікіні заңсыз тасымалдау іс-қимыл басқармасына келіп түскен. Арыз бойынша бірден шұғыл іс-қимылдар басталған.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Шымкент-Самара» тасжолымен қозғалған жолаушы автобустарын тексеруге кіріскен. Соның нәтижесінде «Алматы-Түркістан» бағытында келе жатқан автобустағы жолаушы әйел күдік тудырған. Тінту кезінде әйелдің сөмкесінде қағазға оралып, полиэтилен пакетіне салынған ақ-сұр түсті есірткіге ұқсас ұнтақ табылды.

Сараптама тағайындалып, оның қорытындысы бойынша тәркіленген заттың салмағы 60 граммға жуық героин екені анықталды. Яғни героиннің салмағы 300 дозаға тең.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 297-бабымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Соңғы жаңалықтар