#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Сауран ауданына алғашқы әкім тағайындалды

22 сәуір күні Сауран ауданының алғашқы әкімі қызметіне Ғани Құрмашұлы Рысбеков тағайындалды.

22 сәуір күні Сауран ауданының алғашқы әкімі қызметіне Ғани Құрмашұлы Рысбеков тағайындалды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz.

Ғани Рысбеков Түркістан облысы мен аймақ орталығында еңбек етіп келген маман.
Әр жылдары Түркістан қалалық жастар, спорт және туризм бөлімінің басшысы, Түркістан қаласы әкімі аппаратында бірнеше лауазымда қызмет атқарған.
Түркістан қаласы әкімдігінің экономика бөлімінде басшы және Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы болып жұмыс істеген.
2015-2019 жылдары Түркістан қаласы әкімінің орынбасары міндетін атқарған.
Кентау қаласына әкім болып қызмет еткен.
Кейін Түркістан облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясының төраға орынбасары міндетін атқарған.
Осы уақытқа дейін Түркістан облысы әкімінің аппарат басшысы орынбасары лауазымында болып келген.
Ғани Құрмашұлы «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан мәслихаттары қауымдастығының Құрметті депутаты» медальдарымен марапатталған. Түркістанның «Құрметті азаматы».

Соңғы жаңалықтар