#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Цой коронавирус бойынша жаңа болжамын айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықты вакцинациялауды ескергендегі, коронавирустың таралуы бойынша оптимистік және шынайы болжамдардын айтты.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықты вакцинациялауды ескергендегі, коронавирустың таралуы бойынша оптимистік және шынайы болжамдардын айтты, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Денсаулық сақтау министрлігі халықты вакцинациялауды ескерсе, коронавирус инфекциясының таралуы бойынша болжам қалай болатынын айтты.

Оптимистік сценарий бойынша вакцинацияны жалғастыру кезінде кестеге сәйкес тәулігіне үш мыңға дейін жұқтыру дерегі және сәуірдің соңында шыңы тіркеледі деп күтіледі.

Нақты сценарий мен кестеге сәйкес вакцинациямен қамту кезінде мамырдың ортасында тәулігіне төрт мың жағдайға жетуі мүмкін», — деді Цой Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, бірінші кезеңде вакцинациядан болатын әсер иммунитетті қалыптастыруға қажетті уақытпен шектеледі. Кейіннен вакцинацияның әсері күшейіп, елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына әсер етеді.

20 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 733 980 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырған. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі вакцинаның алғашқы дозасын қанша адам алғаны белгісіз.

Соңғы жаңалықтар