UFC жұлдызы ирландиялық Конор МакГрегор мен «уақытша» чемпион атағының бұрынғы иегері америкалық Дастин Порье үшінші жекпе-жек өткізеді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Жеңіл салмақтағы спортшылардың жекпе-жегі UFC 264 турнирінің басты оқиғасы болады, ол 10 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді.
Еске салайық, файтерлер бұған дейін екі рет кездесу өткізген.
Біріншісі 2014 жылы болған, ол кезде МакГрегор бірінші раундта мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Ал екінші жекпе-жек биыл қаңтарда өтті, онда Порье екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.