#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

2025 жылға дейін СҚО-ға 10 мың адам көшіру жоспарланып отыр

Солтүстік Қазақстан облысының аумағына басқа өңірлерден 10 мың адам көшіру жоспарланып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысының аумағына басқа өңірлерден 10 мың адам көшіру жоспарланып отыр. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов мәлімдеді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Үкімет отырысында Солтүстік Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары талқыланды.

«Демографиялық ахуалды жақсарту үшін басқа өңірлерден адамдарды ерікті түрде қоныс аударамыз. Сондай-ақ, өтінім беру процесі еңбек биржасы платформасында жүргізіледі. Біз СҚО аумағына қоныс аударатындар үшін АЕК көлемін (отбасының әрбір мүшесіне берілетін біржолғы төлем. — автор.) 35-тен 70-ке дейін (2021 жылы отбасының әрбір мүшесіне 204 мың теңгеден. — автор) ұлғайтамыз. Субсидиялау бойынша іс-шаралар қабылдаймыз.

Шамамен 10 мың адам СҚО аумағына көшіріледі, бұл өңірдің демографиялық жағдайын жақсартады және жұмыссыздықтың 4,9 пайызға қысқаруына әсер етеді», — деді Шапкенов.

Ол жоспар бойынша, 2025 жылға дейін СҚО-да 97 мың жұмыс орны ашылатынын, оның 59 мыңы тұрақты болатынын айтты.

«Сондай-ақ, кешенді жоспар аясында 16 мың тұрақты және 10 мың уақытша жұмыс орны құрылады.

NurOtan-ның сайлауалды бағдарламасында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жастар өз бизнес жобаларын жүзеге асыруы үшін 300 мың адам оқудан өтеді деп айтқым келеді. «Еңбек» бағдарламасы бойынша біз жыл сайын 25 мың адамды жұмысқа орналастырамыз», — деді министр.

Соңғы жаңалықтар