Павлодар облысында ірі есірткі жеткізушіден 100 миллион теңгеге синтетикалық есірткі тәркіленді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.
2021 жылы 12 наурызда сағат 09.35-те Павлодар қаласында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері ауқымды операция жүргізді. Нәтижесінде Павлодарда есірткі курьері бір келіден аса синтетикалық есірткі заттарын өткізу кезінде ұсталды.
«Ұсталған адам еліміздің оңтүстік өңірінің 24 жастағы тұрғыны, Павлодар облысындағы ірі есірткі құралдарын жеткізушілердің бірі болып шықты», — деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.