Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылында есірткі сатты деген күдікпен екі ер адам ұсталды. Екеуі де 1996 жылы туған. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
Облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асылбек Әлмағамбетовтың айтуынша, өңірде жыл басынан бері 5 килограмнан астам түрлі есірткі құралдары заңсыз айналымнан алынған. Облыста есірткі өткізуге байланысты 20, аса ірі мөлшерде есірткі сақтауға қатысты 7, сондай-ақ, шекарадан есірткі алып өтуге қатысты 4, есірткі қылмысына қатысты 37 оқиға тіркелген. Басқарма бастығы есірткіге қарсы күрес шаралары жалғасатынын айтты.