Қырғызстан президенті оқшауланды. Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Садырр Жапаров Ресейге сапарына дайындалу мақсатында оқшауланған, — деп хабарлайды ADYM.KZ РИА Новости сілтеме жасап.
«Садыр Нұрғожаұлы Ресейге сапарына дайындалып жатыр, ол жақында болады. Бүгінде ол коронавирус пандемиясына байланысты эпидемиологиялық қауіпсіздікті сақтау мақсатында оқшауланды», — делінген хабарламада.
Қырғызстан президент аппаратының мәліметінше, сапар нақты қай күні болатыны белгісіз. Дипломатиялық дереккөз мәліметінше, Қырғызстан президенті Ресейге 24-25 ақпанда баруы мүмкін.