#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Ұлттық банкте жаңа комитет құрылды

Банк мәліметінше, комитет Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылып отыр.

Ұлттық Банкте ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет құрылды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Банк мәліметінше, комитет Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылып отыр.

«Бұл Комитет Ұлттық Банктің басқармасымен және Директорлар кеңесімен қоса жұмыс атқарып жүрген қызметкерлерден тұратын үшінші орган болады.

Ақша-кредит саясаты комитетінің құзыретіне базалық мөлшерлеме туралы шешімдер қабылдау, ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша пайыздық мөлшерлемені белгілеу және Ұлттық Банк Басқармасының айрықша құзыретіне кірмейтін ақша-кредит саясатының басқа мәселелері бойынша шешім қабылдау кіреді

Орта мерзімді перспективада Комитет құрамына макроэкономика мен ақша-кредит саясатында мамандандырылған және мол тәжірибесі бар тәуелсіз мүшелер алынады», — делінген Ұлттық банктің хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар