#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан-Мақтаарал: Үміткерлер ауданның ең қарт тұрғынынан бата алды

«Қариясы бар елдің – қазынасы бар».


Осынау бір сөйлемнің астарына үңілсек қанша мағына, мән жатыр. Өйткені, ауылдың ауызы дуалы ақсақалдары туған жердің, оның дамуы мен өрлеу кезеңінің, ел басқарған игі жақсыларының еңбектерін еш өзгеріссіз сақтап, ұрпақтан-қрпаққа аманат етілетін шежіресі іспетті. Міне, сол қариялардың ақылын тыңдау, батасын алу – қазақтың қанына сіңген қасиеттерінің құндысы. «Бата менен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер» деген даналық сөз осыдан қалса керек.
Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Мұхтар Әжіқабылов пен Сүндет Кенжебаев саяси науқанның шешуші кезеңінде Мақтаарал ауданының ең қарт тұрғыны 102 жастағы Саттар Исаевтың шаңырағында болып, батасын алды. Ғұмыр бойы ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп, тасбақасы домалап, жантағы қаптаған Мырзашөл даласын игеруге атсалысқан 102 жастағы қарияның 5 ұл, 3 қызынан бүгінде 38 немере, 117 шөбере мен 11 шөпшек тараған. Өз кіндігінен өніп-өскен ұрпақтарын адалдық пен отансүйгіштікке, әділдікке тәрбиелеген абыз қарт Қазақстанның егеменді ел болып, әлемдік аренадағы беделі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың еңбегі деп біледі.
«Әлемде болып жатқан жағдайлардан елді аман алып қалу, ұлтаралық, дінаралық ынтымақтастықты сақтау, халықтың мақсаты мен мүддесін бір арнаға тоғыстыру үшін аз күш жұмсалған жоқ. Сондықтан, сендер де ел болып бірігіп, ұлт болып ұйысып өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін тер төгіп, аянбай еңбек етулерің керек. Сендерге сеніп тапсырылған аманатты болашақтың иесі – жастарға жеткізіңдер» деген қария бүгінде тізесі барды бүктіріп, алпауыт елдермен иық тіресетін дәрежеге жеткен Қазақстанның өткені мен бүгінін салыстырып, көзі көрген тарихи сәттерімен бөлісті.
Жүздесу соңында үміткерлерге сәттілік тілеп, батасын берді.

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді

Соңғы жаңалықтар