Қарапайым халықтың мүддесі мен талап-тілегін бірінші орынға қойып, айтылған ұсыныстардың шешілу жолдарын қарастыруды күн тәртібінен түсірмеген «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалынан жергілікті мәслихат депутаттығына үміткер Мұхтар Әжіқабылов пен Сүндет Кенжебаев аудан тұрғындарымен кездесіп, үгіт-насихат жүргізу жұмыстарын жалғастыруда. Партияның Мақтаарал аудандық сайлауалды штабы төрағасының орынбасары Әбдіманап Байдуллаев бастаған қос үміткер Достық ауылдық округінің биі Аралбай Иманбердиевпен кездесті. Жүздесу барысында партияның қоғамдағы беделі мен атқарған жұмыстары, қабылдаған бағдарламаларының нәтижелері кеңінен сөз болып, 2025 жылға дейінгі бекітілген сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді. Бағдарламада сан саланы топтастырып, қамтыған 7 басымдық талқыланды.
Кандидаттармен өткен кездесу барысында Аралбай ақсақал ауылдардың, әсіресе, аудан орталығынан шалғайда орналасқан елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту керектігін алға тартты. «Өйткені, жастардың ауылдан қалаға көшуіне тосқауыл қоюдың бірден-бір тиімді жолы – жас мамандарға арналған тұрақты жұмыс орыны мен ауылдардың инфрақұрылымдарын жаңғырту» дейді округ биі.
Елмен етене жұмыс жүргізіп келе жатқан «Nur Otan» партиясы ауыл азаматтарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдай отырып, «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» жобаларын іске асыруды жалғастыра беретін болады.
2025 жылға қарай ауыл инфрақұрылымын жаңғырту Мақтарал ауданы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде 2025 жылға қарай аудан тұрғындары таза ауыз су мен сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізетін болады. Бұл партияның алға қойып отырған басымдықтарының бір бағыты.
Сайлаушыларға партияның алдағы 5 жылдыққа арналған жұмыс жоспарының негізгі бағыттарын осылайша түсіндірген үміткерлер алдағы сайлауда Елбасы партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді