«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Гүлжан Молдағұлова «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы шеңберінде Атакент кентінің тұрғындарымен жүздесті. Бұл жолы кандидат Гауһар Ынтымақова, Гүлзабира Қожаханова және Ұлпан Илиясова есімді кенттегі көп балалы аналардың үйінде болып, партияның сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды.
«Алдағы уақытта «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы өңірдегі ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға ерекше назар аударып, «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары арқылы көпбалалы және аз қамтамамыз етілген отбасыларды қолдауға, олардың азаматтық ұстанымдарын жандандыруға күш салатын болады» деген Гүлжан Молдағұлова көпбалалы аналарды 2021 жылдың 10 қаңтары күні өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының Сайлау қорынан