Ұлттық банк ұсынған деректерге сүйене отырып, 2020 жылғы қарашадағы қаржы нарығындағы ахуал туралы ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2020 жылғы қарашада инфляция 0,9% (2019 жылғы қарашада – 0,7%) болды.
Жылдық инфляция 7,3% (2019 жылғы желтоқсанда – 5,4%) деңгейінде қалыптасты. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 10,8%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 5,7%-ға, ақылы қызметтер – 4,1%-ға өсті.
2020 жылғы қарашада халықтың пікіртерім нәтижесі бойынша бір жылдан кейін күтілетін инфляцияны сандық бағалау 7,8% болды.
Халықаралық резервтер және ақша агрегаттары
Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 2020 жылғы қарашада алдын ала деректер бойынша негізінен алтын бағасы төмендеуіне байланысты 3,2%-ға төмендеп, 32,5 млрд АҚШ долларын құрады.
Жалпы алғанда, елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (58,0 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, алдын ала деректер бойынша, 2020 жылғы қарашаның соңында 90,5 млрд АҚШ долларын құрады.
2020 жылғы қарашада ақша базасы 0,1%-ға (жыл басынан бері – 40,2%-ға) кеңейіп, 9 667,5 млрд теңге болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін қоспағандағы ақша базасы 5 633,8 млрд теңгеге дейін 5,9%-ға (жыл басынан бері – 3,7%-ға) кеңейді.
Ақша массасы 2020 жылғы қарашада 0,4%-ға (жыл басынан бері 15,6%-ға ұлғайды) төмендеп, 24 647,5 млрд теңге болды, айналыстағы қолма-қол ақша 2 707,1 млрд теңгеге дейін 3,5%-ға төмендеді (жыл басынан бері 17,7%-ға ұлғайды).
Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты саласындағы операциялары
Ұлттық Банк 2020 жылғы 14 желтоқсанда пайыздық дәлізді эпидемия алдындағы деңгейге дейін +/–1 п.т. қысқарта отырып, базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Базалық мөлшерлемені бұрынғы деңгейде сақтау туралы шешім мұнай нарығындағы тұрақсыздыққа, жоғары және әлсіз тұрақтанған инфляциялық күтулерге, сондай-ақ елде және әлемде эпидемиялық жағдайдан белгісіздік сақталуына байланысты болды. Базалық мөлшерлеменің дәлізін тарылту нарыққа қатысушылардың барынша орнықты күтулерін қалыптастыруға және ақша нарығы мөлшерлемелерінің құбылмалығын төмендетуге бағытталды.
Ақша нарығында ақша-кредит саясатының операцияларын жүргізу кезінде таргеттелетін (нысаналы) мөлшерлеме болып табылатын TONIA индикаторы2 2020 жылғы қарашада пайыздық дәліз ішінде қалыптасты. 2020 жылғы қарашада TONIA-ның орташа алынған мәні жылдық 8,95% (2020 жылғы қазанда – 8,99%) болды.
Ақша-кредит саясатының құралдары. 2020 жылғы қарашаның соңында Ұлттық Банктің ақша нарығындағы операцияларының теріс сальдосы (Ұлттық Банктің ашық позициясы) 3,5 трлн теңге болды.
Айналыстағы қысқа мерзімді ноттардың көлемі бір айда 1,8%-ға төмендеп, 2020 жылғы қарашаның соңында 2 730,7 млрд теңге болды.
2020 жылғы қарашада 1 032,5 млрд теңге жалпы сомада 7 аукцион өткізілді, оның ішінде 718,9 млрд теңге сомаға 1 айлық ноттарды орналастыру бойынша 5 аукцион (орташа алынған кірістілік – 9,02%), 213,7 млрд теңге сомаға 3 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион (кірістілік – 9,53%), 100,0 млрд теңге сомаға жартыжылдық ноттар бойынша 1 аукцион (кірістілік – 9,81%) өткізілді.
Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеу көлемі 2020 жылғы қарашада 1 062,6 млрд теңге болды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 2020 жылғы қарашада 1,5%-ға ұлғайып, 10 700,2 млрд теңге болды.
2020 жылға қарашаның соңында бір жылдан астам сегментте кірістілік қисығы3 айдың басындағы деңгейден жоғары болды. Бұл ретте бір жылға дейінгі сегментте кірістілік өтелгенге дейінгі 1–3 ай мерзімі бар қағаздар бойынша төмендеуді көрсетті.
Валюта нарығы
2020 жылғы қарашада теңгенің биржалық айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 422,60–434,62 теңге аралығында өзгерді. 2020 жылғы қарашаның соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы бір айда 1,8%-ға нығайып, бір АҚШ доллары үшін 425,07 теңгені құрады.
Теңге – АҚШ доллары валюталық жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 10,4 млрд АҚШ доллары, оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттық көлемі – 2,3 млрд АҚШ доллары, биржадан тыс валюта нарығындағы операциялар көлемі – 8,0 млрд АҚШ доллары болды. Бір еншілес банктің биржадан тыс нарықтағы операциялардың жалпы көлеміндегі үлесі 80,4%, немесе 6,5 млрд АҚШ доллары (2020 жылғы қазанда – 80,6%, немесе 7,4 млрд АҚШ доллары) болды, бұл олардың меншікті капиталын валюталық тәуекелдерден хеджирлеумен байланысты болды. Бұл операциялар банк тобының ішінде жүргізіледі және ішкі валюта нарығындағы шетел валютасына сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына әсер етпейді.
2020 жылғы қарашада халық нетто-негізде 283,7 млрд теңгеге баламалы сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алды. Бұл шығыстар өткен аймен салыстырғанда 4,1%-ға ұлғайды (2020 жылғы қазанда – 272,4 млрд теңге), 2019 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда (307,5 млрд теңге) нетто-сатып алу көлемі 7,7%-ға төмендеді. Шығыстардың негізгі көлемі АҚШ долларын – 72% немесе 204,4, млрд теңге, Ресей рублін – 18,2%, немесе 51,6 теңге, еуроны – 9,6%, немесе 27,4 млрд теңге сатып алуға бағытталды. Валюталардың түрлері бойынша бөлгенде бір айда АҚШ долларын сатып алуға жұмсалған шығыстар 15,3%-ға (2019 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,5%-ға төмендеді), еуроны сатып алуға жұмсалған шығыстар – 0,3%-ға (8,5%-ға төмендеу) өсті. Халықтың Ресей рублін сатып алуға жұмсалған
Депозит нарығы
Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 0,01%-ға шамалы ұлғайып, 2020 жылғы қарашаның соңында 21 940,4 млрд теңге болды. Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 11 523,3 млрд теңгеге дейін 0,7%-ға төмендеді, жеке тұлғалардың депозиттері 10 417,1 млрд теңгеге дейін 0,8%-ға өсті.
Бір айда ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 13 322,8 млрд теңгеге дейін 2,6%-ға ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттер көлемі 8 617,7 млрд теңгеге дейін 3,8%-ға төмендеді. Долларландыру деңгейі 2020 жылғы қарашаның соңында 39,3% (2019 жылғы желтоқсанда – 43,1%) болды.
Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2020 жылғы қарашада 7 112,1 млрд теңгеге дейін 3,4%-ға ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттері 4 411,3 млрд теңгеге дейін 6,6%-ға азайды (заңды тұлғалар депозиттерінен 38,3%).
Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 6 210,7 млрд теңгеге дейін 1,7%-ға ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттері 4 206,4 млрд теңгеге дейін 0,6%-ға қысқарды (жеке тұлғалар депозиттерінен 40,4%).
Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 0,9%-ға азайып, 14 729,2 млрд теңге болды. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 8 830,5 млрд теңгені, шетел валютасындағы салымдар – 5 898,7 млрд теңгені құрады.
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,2% (2019 жылғы қарашада – 7,2%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 9,3% (9,1%) болды.
Кредит нарығы
Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 1,4%-ға ұлғайып, 2020 жылғы қарашаның соңында 14 646,7 млрд теңге болды. Заңды тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі 7 287,6 млрд теңгеге дейін 0,1%-ға ұлғайды, жеке тұлғаларға –7 359,1 млрд теңгеге дейін 2,8%-ға ұлғайды.
Ұлттық валютадағы кредиттердің көлемі бір айда 12 577,9 млрд теңгеге дейін 2,2%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 0,9%-ға, жеке тұлғаларға берілген кредиттер 3,2%-ға ұлғайды. Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 2 068,8 млрд теңгеге дейін 3,1%-ға азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 2,1%-ға, жеке тұлғаларға берілген кредиттер 31,6%-ға азайды. Теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2020 жылғы қарашаның соңында 85,9%-ды (2019 жылғы желтоқсанда – 83,4%-ды) құрады.
Бір айда ұзақ мерзімді кредиттердің көлемі 12 544,7 млрд теңгеге дейін 0,9%-ға қысқа мерзімді кредиттердің көлемі 2 102,0 млрд теңгеге дейін 4,9%-ға ұлғайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2020 жылғы қарашада 2 304,8 млрд теңгеге дейін 0,3%-ға ұлғайды (экономикаға берілетін кредиттердің жалпы көлемінен 15,7%).
Салалар бойынша бөлуде банктердің экономикаға беретін кредиттерінің қомақты сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 13,5%), сауда (11,6%), құрылыс (4,7%) және көлік (3,4%) сияқты салаларға тиесілі.
2020 жылғы қарашада банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 11,9% (2019 жылғы қарашада – 12,2%), жеке тұлғаларға – 14,9% (17,0%) болды.
2020 жылғы қарашадағы қорытынды бойынша төлем жүйелері
2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 17 төлем жүйесі, оның ішінде Ұлттық Банктің төлем жүйелері, ақша аудару жүйелері, төлем карточкалары жүйелері жұмыс істейді.
2020 жылғы қарашада Ұлттық Банктің төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі мен Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 43,6 трлн теңге сомасына 4,4 млн транзакция жүргізілді (2020 жылғы қазанмен салыстырғанда саны бойынша ұлғаю 0,7% болды, ал сомасы 3,3%-ды құрады). Орташа алғанда бір күнде аталған төлем жүйелері арқылы 2,1 трлн теңге сомасына 210,5 мың транзакция жүргізілді.
2020 жылғы 1 желтоқсанға Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын 21 банк пен «Қазпошта» АҚ шығарды. Эмиссияланған және таратылған төлем карточкаларының жалпы саны 46,8 млн бірлік болды. Олардың ішінде 2020 жылғы қарашада төлем карточкаларының 55,3%-ын ұстаушылар қолма-қол ақшасыз операцияларды және (немесе) ақша алу операцияларын жүргізу кезінде пайдаланды.
2020 жылғы қарашада Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалану арқылы 5,4 трлн теңге сомасына 342,6 млн транзакция жүргізілді (2020 жылғы қазанмен салыстырғанда транзакциялар саны 0,5%-ға, сомасы – 1,8%-ға азайды). Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялардың жалпы құрылымында қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі саны бойынша 93,3%-ға дейін (2020 жылғы қазанда – 92,7%), көлемі бойынша – 72,9%-ға (71,5%) дейін өсті.
2020 жылғы қарашада халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы жөнелтілген ақша аударымдарының жалпы көлемі 82,6 млрд теңге сомасына 0,3 млн аударымды құрады. 2020 жылғы қазанмен салыстырғанда ақша аударымдары көлемінің төмендеуі 6,2%-ды құрады. Қазақстаннан тыс жерлерге жөнелтілген аударымдардың жалпы көлемінен транзакциялардың жалпы санының 78,6% (0,2 млн транзакция) және жалпы сомасының 93,7% (77,5 млрд теңге) бағытталды. Қазақстан бойынша ақша аударымдары жүйелері арқылы жалпы санның 21,4%-ы (0,1 млн транзакция) және жалпы соманың 6,3%-ы (5,2 млрд теңге) жүргізілді. Шетелден халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы 26,4 млрд теңге сомасына 0,1 млн транзакция алынды.
2020 жылғы қарашадағы қорытынды бойынша зейнетақы жүйесі
2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2020 жылғы қаңтар-қарашада 1 919,5 млрд теңгеге немесе 17,8%-ға ұлғайып, 12 720,1 млрд теңге болды.
2020 жылғы қаңтар-қарашада зейнетақы активтерін инвестициялаудан «таза» кіріс 1 131 млрд теңгеге 2020 жылғы 1 желтоқсанда 5 465,2 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ қосқанда) 2020 жылғы 1 желтоқсанда 11,0 млн шот болды.
2020 жылғы қаңтар-қарашада зейнетақы төлемдерінің сомасы 172,1 млрд теңге болды. 2020 жылғы 1 желтоқсанға БЖЗҚ-ның жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары және Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары (тиісінше зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің 45,2%-ы және 26,1%-ы) алады.